[:kz]
Сыртқы істер министрлігі Германиядағы қазақстандық консулдықтың коронавируспен күресу үшін дәрі-дәрмектерді Қазақстанға өткізуге рұқсат бермеген деген шағымына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде Қазақстанның Германиядағы консулдығы коронавируспен күресу үшін қажетті дәрі-дәрмектерді елге жібермегені жайлы видео тарады.
Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі түсіндірді.
«Қазіргі уақытта Германия мен Қазақстан арасында тікелей тұрақты рейстердің болмауына байланысты, барлық гуманитарлық көмек Майндағы Франкфурттен «репатриация» деп аталатын чартерлік рейспен жеткізіледі.
Осыған байланысты, қазақ диаспорасы мен біздің отандастарымыздың Германияның әртүрлі қалаларындағы, оның ішінде Мюнхендегі дипломатиялық өкілдіктеріне берген барлық гуманитарлық жүктер жиналып, Қазақстанның Майндағы Франкфурт бас консулдығына жеткізіліп, содан кейін Қазақстанға жалғыз ірі партия ретінде жіберіледі.
Сонымен бірге құрамында дәрі-дәрмектер мен медициналық техникасы бар жүкті куәландыратын құжаттары болуы керек. Бұл Германияның да, Қазақстанның да кеден қызметтерінің талабы.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Франкфурттағы бас консулы Ермұхамбет Қоныспаев қазақ диаспорасының өкілдерімен — Еуропалық қазақ форумының мүшелерімен байланыста. Олар бірлестік жиналған гуманитарлық көмекті Қазақстанға жөнелту үшін бас консулдыққа тікелей жібереді деген келісімге келді», — делінген хабарламада.
Гуманитарлық көмектің келесі жөнелтілімі тамыз айының ортасында жіберіледі деп нақтыланған.
[:]