АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Германиядан келген музыканттар ресейлік жұлдыздармен өнер көрсетуден бас тартып концертті тоқтатты[:]

[:kz]

Ресейлік жұлдыздар Дубайдағы Дрезден опера балында өнер көрсетуі керек болған. Алайда Германиялық музыканттар олармен бірге бір сахнада тұрудан бас тартып, концертті тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейлік жұлдыздар Валерия, Вадим Репин және Светлана Захарова Дрезден опера балында өнер көрсету үшін Дубайға ұшып кетлген. Бірақ олардың қойылымы сәтсіз болды. Музыканттар Путиннің режимін қолдайтын жұлдыздармен бір сахнаға шығудан бас тартты.

Бұл жөнінде әнші Валерия AIF басылымына сұхбат берді. Онда ол спектакльдің тоқтатылуына мүлдем ренжімегенін айтты. Оның айтуынша, басқа да ұсыныс жеткілікті. Сондықтан өнеріне ешқандай зиян жоқ. 

«Менің Дубайдағы Дрезден опера балы жоспарлаған қойылымым болмады. Себебі Дрезден оркестрінің музыканттары орыс әртістерімен бір сахнаға шыққысы келмеді. Жақында Ханты-Мансийскіде паралимпиадашылардың қысқы ойындарының жабылуында өнер көрсеттім. Ол жақта мені өте жылы қарсы алды»,– деді әнші.

[:]