АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Голос. Дети» жобасының қазақстандық жеңімпазын Украинаға кіргізбей қойды [:]

[:kz]

 

Қазақстандық «Голос. Дети — 2017» жобасының жеңімпазы Даниил Юнді Киевтегі Борисполь әуежайынан Украинаға кіргізбей қойған. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне әншінің ұстазы Наталия Чуракова айтты. Педагогтың сөзінше, Даниил «Голос Украины — 2019» жобасының түсіріліміне шақырту алған. Бірақ Украина шекара қызметінің өкілдері Алматы – Киев бағытындағы К401 рейсі қонғаннан кейін қазақстандық әншіні елге кіргізбей қойған. Себебі жас әнші 2016 жылы Крымда болған екен

. Сол кезде де ол балалар байқауына қатысқан еді. Ата-анасының айтуынша, Киевке билеттің құны 300 000 теңгеден асады, бұл қаржыны олар өз қалталарынан шығарған. «Қаржылық қиындықтарға қарамастан, билетті өз қалтамыздан сатып алғанбыз. Кәріс-қазақ қауымдастығынан қаржылық көмек сұрағанбыз. Жарым театрда жұмыс істейді.

Соңғы ақшамызды жинап, осы байқауға аттанған едік. Украина әуежайында үш жыл бұрын Крымға дұрыс кірмегенімізді білдік. Енді бізге Украинаға кіруге тыйым салынған.

Депортациялау үшін енді Қазақстанға баратын рейсті 12 сағат күтуіміз керек. Балам жылап отыр», — дейді Виктория Ли. Оның айтуынша, былтыр желтоқсанда олар Украинаға ұшып барған, сол кезде ешқандай мәселе туындамапты. Ол Крым мәселесі дәл қазір шыққанына таңғалады. Былтыр Даниэлия Тулешованы Украинадағы «Голос. Діти» жобасына дайындаған Наталия Чуракова шарасыздықтан не істерін білмей отыр. «Ешкім осы мәселені шешіп бере алмаса, дипломатияның, екі ел арасындағы қарым-қатынастың не керегі бар? Ол әжесіне қыдырып келген жәй ғана бала емес.

Ол жобаға қатысып, Қазақстанның намысын қорғауға келген бала ғой», — дейді Чуракова. Даниил Юн мен оның анасы Виктория Ли түні бойы Борисполь әуежайында болды. Олар Қазақстанға 8 наурызда Киев уақытымен 12:30-де ұшуы керек.

 

kaz.tengrinews.kz

 

 

 

 

[:]