АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Голощекинді ұрған қазақ[:]

[:kz]

 

Маңғыстау, марқасқа перзентке де кеде болмаған қай кезде де, қай заманда да. Жалау Мыңбайұлы – елінің болашағына үлкен сеніммен қа  рап, қазақ халқының тату-тәтті өмір сүруін қалаған жандардың бірі, алаш ардақтысы, қырымды қаламгер, тілші-публицист, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.

Жалау Сыртқы Каспий облысы, Маңғыстау уезінің Келімберді болысының І Құнанорыс ауылында 1892 жылы дүниеге келген екен.

1926 жылдың күз айларының соңдарында, күздің қысқы айлары болса керек, Қазақстан Өлкелік партия комитетінің хатшысы Филипп Исаевич Голощекин,

Қазақ Автоноимялық кеңестік социалистік республикасы Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Жалау Мыңбайұлын кабинетіне шақырып алып, жедел түрде ортадан жоғары, шаруашлығы бар қазақтардан бастап олардан да ауқаттыларының малдарын сыпырып алып, иелерін дүние-мүлкін кәмпескелуге ұшыратып, жер аударуға тапсырма береді. Жалау Ф. Голощекиннің бұл тапсырмасына зығырданы қайнап тұрса да шыдамдылық көрсетіп, одан бұл істің орындалуын келесі жылдың көктемі туғанша кідірте тұруды сұрайды. Және байлардың малын қазір, яғни қысқа таяу жинап алса, оларды қыстан аман шығарудың қиындығын алға тартады. Оның үстіне тек мал қырылып қоймайды, малдан айырылған халықтың да қырылатындығын сөзіне желеу етеді.

Бұрыннан да көптеген мәселелер бойынша пікірлері керегар болып жүрген Ф.Голощекин Жалаудың айтқандарын құлағына да ілместен, керісінше орындықта отырған Жалаудың алдын әрлі-берлі кезіп жүріп, оны балағаттап, «контрсың, өкімет пен партия саясатына қарсы шықтың, ұлтшылсың» деп жер-жебіріне жетеді.

Айтқан уәжін тыңдата алмай, оның үстіне жеке басына балағат естігенге шыдамы таусылған Ж.Мыңбайұлы бір сәт аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, көлбеңдеп жүрген Голощекинді құлақ шекедей бір ұрып, ұшырып жібереді. Қайратты жігіттің соққысынан мұрттай ұшқан Голощекин екі-үш минуттай есінен танып қалып, бір мезгілде есін жиып, еңбектеп барып, столының астында тұрған бір тетікті басып қалғанда, ар жағынан: «Филипп Исаевич, не болып қалды?» — деген Сталиннің сабырлы үні естіледі.

Қол-аяғы дірілдей орындығына отыра берген Голощекин орнынан атып тұрып, стол үстінде тұрған микрофонды алып, өзі кабинетінде Жалау Мыңбайұлың ұрып-соққандығын баяндайды. Сол сәтте Сталин: «Байланыс желісіне тұтқасын Жалау Мыңбайұлына беріңіз» — деп бұйырады. Телефон арқылы Жалаумен амандасып, мән-жайға қаныққан И.В.Сталин Жалау Мыңбайұлының тез арада Мәскеуге келуіне бұйрық береді.

Мәскеуге келген Жалау Мыңбайұлын Сталин жеке қабылдап, оның Голощекинді ұруының себебін сұрағанда, Жалау саспастан: «Оның берген тапсырмасының арты неге соқтырарын, оның айтқанын жасамасақ малды да, халықты да қырып алатындығымызды түсіндірсем, тыңдамай өзімді балағаттап, нәйыстық көрсетті, сол себепті ұрдым» — деп, және «Қазақ өлкелік партия комитеті басшылығына ақылсыз, ұрда-жық Голощекиннен басқа адам жоқ па?» деген ойын да білдірсе керек. Сталин оған сәл жымия қарап: «Жақсы, Жалау, сен Голощекинмен бірге жұмыс істей алмайды екенсің, өзіңнің туып-өскен аулыңа жақындап жұмыс істе» — деп Ж.Мыңбайұлын Гурьев округі атқару комитеті төрағасы қызметіне ауыстырқан екен.

Бірақ, сұрқия саясат өз дегенін істемей қоймайды. Елде Голощекиннің «асыра істеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген жұмысқы талабы орындалып, кәмпескелеу науқаны жүріп, қолда бар малынан айырылған қазақ халқы азаматтары қудаланып, «халық жауы» деп танылып, айдалды, атылды, елдің тоз-тозы шықты.

Қазақ елі үшін, Алаш қозғалысы үшін езіле шауып, халқының болашақ бақыты үшін күрескен жандардың бірі Жалау Мыңбайұлы.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Маңғыстауға келген сапарларының бірінде 1998 жылы өз сөзінде «Сіздер Жалау Мыңбаев сынды арыстардың елісіздер» деп ерекше атап өткен болатын. Ия, біздер қоғам қайраткері, жерлесіміз Жалау Мыңбайұлын құрмет тұтып,мақтан тұтамыз.

Әлихан, Ахмет, Міржақып бастаған алаш арыстарымен бірге қатар араласып, елі үшін жанын пида еткен есіл ердің есімі ешқашан өшпейді. Тарихтың парақтарында алтын әріптермен сақталатынына сеніміз кәміл.

 

Жанұзақ Койчукулов

facebook парақшасынан 

alashainasy.kz

[:]