АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ГОЛОВКИННІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ[:]

[:kz]

WBA тұрақты чемпионы, жапониялық боксшы Риота Мурата америкалық Роби Бранттан ұтылып, чемпиондық титулынан айырылып қалды. Жекпе-жек 21 қазан күні Лас-Вегастағы MGM Park Theater кешенінде өткен болатын. Толық 12 раундқа созылған кездесуде 118:110, 119:109 және 119:109 есебімен төрешілер шешімімен Брант жеңіске жетті.

Сөйтіп, ол жаңа әлем чемпионы атанды. Осылайша, 32 жастағы Мурата кәсіби карьерасындағы екінші жеңілісіне ұшырап отыр. Ол бұған дейін былтыр мамыр айында франциялық Хассан Н Дама Н Жикамадан жеңілген еді.

Сөйтіп, орта салмақтағы WBA вакантты титулын иелене алмаған. Алайда 2017 жылдың қазан айында реванш ұйымдастырылып, жапон жігіті Н Жикаманы жеңіп, есесін де, титулын да қайтарып алды.

Бұдан соң Мурата 2018 жылы сәуір айында мексикалық Эмануэль Бландамурамен кездесіп, титулын сәтті қорғай алған. 

Ал 28 жастағы Брант болса кәсіпқой шаршы алаңдағы 24-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Еске сала кетейік, осыған дейін Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкиннің Токио төрінде Муратамен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтқан еді. Абай Аймағамбет
aikyn.kz

 

 

[:]