АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Гордон: «Кеосаян дейтін жартыбас Қазақстан туралы аузына келгенді айтыпты»[:]

[:kz]

 

Украиналық журналист, қоғам қайраткері, саясаткер Дмитрий Гордон қазақстандық журналист Вадим Борейконың «Гиперборей» бағдарламасына сұхбат беріп, бірқатар сауалдар төңірегінде әңгіме құрды, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы orda.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен посткеңестік елдердегі барлық реакцияны бақылап отырмын. Маған Қазақстан мен қазақстандықтардың реакциясы ұнайды. Украинаны қолдап жатыр. Жақында Кеосаян дейтін жартыбас Қазақстан туралы аузына келгенді айтыпты. Бұл хайуан юморлық бағдарламада айтқан сөзін естідім. Қазақстанды Украинаның мысалымен қорқытып отыр. Маған қазақстандық қоғамның бұған берген жауабы қатты ұнады. Депутаттар, халық әртістері және блогерлер бұл бейшараны әбден шайқады. Менің қазақстандық достарым көп. Мысалы, Марғұлан Сейсамбайды айта аламын. Менің ата-әжем Алматыда болған», – деді ол.

Гордон Қазақстан туралы жылы сөздерін айтып, еліміздегі көп ұлттың ауызбіршілікте, ынтымақта тіршілік етіп жатқанын ерекше атап өтті. Қазақстанның саяси элитасы туралы да жылы пікірін аямады.

«Адырна» ұлттық порталы

[:]