АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Гүлзира Айдарбекова бір жасқа толған немересіне дүркіретіп той жасап берді (видео)[:]

[:kz]

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова немересінің 1 жасқа толғанын және тұсаукесер тойын дүркіретіп атап өтті. Тойда отандық шоу-бизнес жұлдыздары қонақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Күні кеше Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбековтың ортаншы ұлы Аян мен келіні Айгерімнің Ақмөр есімді тұңғышы бір жасқа толды. Продюсер немересінің туған күнін дүркіретіп атап өтті. 

Тойда Алтынай Жорабаева, Қарақат Әбілдина, Айнұр Тұрсынбаева, Индира Расылхан, Әділ Сламхан сиқты шоу-бизнес өкілдері қонақ болып, Айдарбековтер әулетінің қуанышын бөлісті.

Інісінің қуанышын бөліскен Қайрат Нұртас тойда ән шырқап, қонақтардың көңілін көтерді.

Артынша мейрамханадағы дүркіреген той Айдарбековтердің шаңырағында жалғасын тапты. 

 Stan.kz 

[:]