АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Гүлзира Айдарбекова өзінің қымбат бұйымдарын кімге мұра етіп қалдыратынын айтты[:]

[:kz]

Гүлзира Айдарбекова өзінің қымбат бұйымдарын кімге мұра етіп қалдыратынын айтты. Продюсер келіндеріне әлдене меңзегендей жазба жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

“Алтын, асыл тастармен көмкерілген аса қымбат бұйымдарымның барлығын болашақта Алау қызыма сыйлаймын. Иесі сол кісі. Келіндердің құлағына алтын сырға. Алау деген қызым бар. Ол апасының қызы. Қалғандары сол қыздан қалғандарын тағады”, — дейді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер тұңғышы Қайрат Нұртастың үлкен қызы Алауға бар бұйымын сыйға тартпақ. Өзі баққандықтан немересі Алауды бәрінен жақын тартады. Бұны әрдайым балаларына да, желідегі оқырмандарына да айтып отырады. 

Айдарбекова қымбат алтын бұйымдарын, зерлерлік бұйымдарын көрсетті. Желідегі оқырмандарының бірі оны мақтанды деп сынаса, енді бірі таңғалысып жатыр.

“Баққан немере әрдайым ыстық болады”, “Ол ең үлкен баласының бірінші қызы ғой”, “Өз қызыңдай болып кетеді”, “Бәріне бірдей берген дұрыс қой”, “Бұйымдарыңызбен мақтанып отырсыз ба?“, “Оны елге көрсетудің не керегі бар”, “Оқырмандар өздері сұрайды, неше түрлі адам бар ғой”, – деді желідегілер.

“Сүрінген мен жығылғанды сөз етпе, Сен де тұрсың, Мен де тұрмын кезекте”.
Бір жапырақ жерге түссе де Алланың қалауымен. Шынында ойлап отырсам, балаларым кішкентай кезінде ғана үшеуімен бірге демалған екенмін, бұлар өскесін бірде өздерінің отбасымен, бірде 3 ұлыммен бөлек-бөлек басымыз бірге қосылып, бірге демалмаппыз. Бұл да болса Алланың қалауы шығар. Бір өсек айтпай, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып отырайықшы. Бүгінгі алғашқы көктем бәріңізге құтты болсын! Шуақты күндеріңіз көп болсын! Мен сіздерді жақсы көремін!”, – деп жазды продюсер.

[:]