АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]“Гүлзира ханымның тағы бір пиары ғой”: Журналист бір жыл ажырасып қосылған Қайрат пен Жұлдыз жайлы айтты[:]

[:kz]

Қазақстандық журналист Мөлдір Анарбаева желіде талқыға түскен Қайрат Нұртас пен оның отбасы жайлы екіұшты пікір айтты. Блогер мұның продюсер тарапынан болған кезекті пиар екенін ашық жеткізді деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі

“Елдің алдында жүрген отбасы ғой, аман болсын. Бақытты болсын. Бірге болсын. Бір ойым, Гүлзира ханымның кезекті пиары ма деп ойладым. Келінін 15 жыл көрсетпеген продюсерге 1 жыл сөз болып па? Не де болса, бақытты болсын. Қосылыпты дейді. Аман болсын. Не де болса сендік. Еліміздің еңбекқор әулетінің бірі ғой. Бірге болса екен деп тіледік”, – деді Мөлдір Анарбаева.

Бір жыл бойы Қайрат Нұртастың және Жұлдыз Әбдікәрімованың оқырмандары олардың жеке өмірі үшін алаңдап келді. Бірге талқылап, кеңес айтып, сан сауал қойды. Бірге жүргенін көргенде қуана тілектестік білдірді. 

Алайда блогердің сөзін қостап, ойын жазғандар да табылды. 

“Мен де солай ойладым. Пиарға ұқсап кетті”, “Елді алдағаны ма?”, “Мүмкін олай емес шығар, бір отбасының өмірі ғой”, “Аман болсын”, “Маған кәдімгідей ой тастадыңыз”, “БІз олар үшін уайымдап жүрсек”, Елді жынды қылуды шебері“, “Бәсе, қалай ажырасты деп қоям”, “Соңғы кездегі әрекеттері тым жасанды еді”, “Құдай біледі, біз айта береміз ғой”, – деп жазды желідегілер.

Күні кеше Жұлдыз бен Қайрат Нұртас Заңғар Нұртастың тойына бірге келді. Жұлдызды жұп қайта татуласып, қуанышты бөлісті. 

[:]