АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Хабиб Қазақстанда жүр[:]

[:kz]

Ресейлік UFS чемпионы Хабиб Нұрмұхамедов Қазақстанға жасырын келіпті. Нақтырақ, Қарағанды қаласына келіп, «Таң Шолпан» балалар үйінде қонақта болған.

Vesti.kz сайтының хабарлауынша, жеңіл салмақтағы әлем чемпионының Қазақстанға келіп-кеткенін ешкім білмей қалған. Чемпион қарағандылық Александр КОРОГОДОВТЫҢ ашық өтініші бойынша қаңтардың басында 2019 жылы қалай да Қазақстанға келетінін өзінің Instagram парақшасында мәлімдеген. Оның алдында орогдов өзі көмектесіп тұратын балалар үйінің тәрбиеленушілерімен чемпионның кездесуін өтінген.

«Хабиб бізде қонақта болды. Рас, бұл қалжың емес. Чемпионның өзі біздің балаларды қуантып тастады. Ол сөзінде тұрып бізге келді. Кездесуді ұйымдастырған Саша Корогодовқа рахмет. Бұл керемет болды», — делінген Instagram-дағы «Таң Шолпан» парақшасында.

Әлі жеңіліп көрмеген чемпионның даңқы әсіресе МакГрегорды жеңгеннен кейін (2018ж.) асқақтап кетті. Осы жеңісінен соң Хабибтің Қазақстандағы жанкүйерерлі де көбейді. Қазір оның аты-жөні жазылған, суреті жапсырылған киім киіп жүрген жастарды кездестіруге болады.  

zhasalash.kz/

[:]