АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Хабиб жалаңаш қыздарды рингтен қуып шықты (видео)[:]

[:kz]

 

UFC сайысы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов жекпе-жек спортына жартылай жалаңаш қыздардың қажеті жоғын айтқан. Оның бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талас тудырды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Хабиб өзінің Eagle FC промоушны өткізетін кездесулерде өзі шешім қабылдайтынын және елдің сөзіне мән бермейтіндігін айтты, деп мәлімдеді Islam Channel арнасының ресми сайты.

Менің өз промоушным бар. Менен неге сендерде ринг-герлз жоқ деп сұрайды. Оларды шығарудың мәні жоқ екенін айттым. Бұл менің жеке пікірім. Кейбіреулер келіспеуде. Елдің ойында шаруам жоқ, бұл жеке ұстанымым,

— деді чемпион.

Жаздың соңғы айында берген осы сұхбатына байланысты Хабибтің жартылай жалаңаш қыздар жайлы айтқан пікірін UFC спортшысы Конор Макгрегор да әлеуметтік желіде сынға алған. Сондай-ақ теле-жүргізушілер Дмитрий Губерниев пен Ксения Собчак та чемпионның пікіріне өз наразылықтарын ашық білдірді.

[:]