АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Хайп жасайтындарды жек көремін»: Айсәуле Бақытбек әкесінің босап шығуына қатысты пікір білдірді [:]

[:kz]

Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевтың бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді. Ол мұндай жағдайдан хайп жасайтын адамдарды жек көретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кеше Бақытбек Есентаев түрмеден босап шықты. Ол 2016 жылы 9 жылға сотталып, мерзімінің үштен екі бөлігін өтеген соң, сотқа арыз берді. Сот оның тәртібі мен бұрынғы әйелінің өтінішін ескеріп, босату туралы өтінішті мақұлдады. Есентаевты қарындасы мен дос-жарандары күтіп алды. 

Алайда қыздары айтулы күні бой көрсетпеді. Айсәуле Бақытбек шетелде демалып жатқан еді. Instagram оқырмандары Айсәулені әкесінің босап шығуымен құттықтап, оны қарсы алуға неге бармағанын сұрады.

«Әкең босап шықты, құттықтаймын», «Сіз бір кездері әкеңізді зәулім үйде қыздары болып қарсы алуға тырысамыз деп едіңіз. Ал енді қарсы алуға да бармадыңыз», — деді олар. 

Ал енді бір оқырман Айсәулені «тіпті пост салмадыңыз» деп айыптады.

«Не үшін жазайын? Бейтаныс әрі бөтен адамдардың қызығушылығын басу үшін бе? Әлде сіз «о, бұл сондай жақсы қыз» деп ойлап, менің өмірімнің мінсіз емес екеніне рахаттансын деп пе? Әлде не үшін?
Осындай нәрседен хайп жасайтын адамдарды жек көремін. Құдай ондай болудан сақтасын, рахмет, дүкенше жабық», — деп мәлімдеді Айсәуле.

 

[:]