АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Харьковта Жуковтың ескерткішін құлатты[:]

[:kz]

Екінші маусым күні Харьков қаласындағы маршал Георгий ЖУКОВТЫҢ ескерткіші құлатылды. Екінші дүниежүзілік соғыстың қолбасшысының тас мүсіні Григоренко даңғылының бойында тұрған еді. Бұл туралы

ГОРДОН сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамдық белсенділер ескерткіш орына Украинаның туын ілді. Айтпақшы, бұрын Петр Григоренко атындағы даңғыл Жуков деп аталған. 2016 жылы декоммунизация туралы заң шыққанда ауысқан болатын.

Декоммунизация туралы заңды Жоғарғы Рада 2015 жылдың 9 сәуір күні қабылдап, 2015 жылдың 15 мамырында сол кездегі президент Петр ПОРОШЕНКО қол қойған. 2017 жылы 2389 ескерткіш демонтаждан өтті. Оның 1320-сы Владимир ЛЕНИННІҢ ескерткіші. Қазір Украинада Лениннің бірде-бір тас мүсіні қалған жоқ. 987 елді мекеннің аты ауыстырылды. 32 қала мен 52 көше де советтік аттан құтылды.   

«Жас АЛАШ»

Фото: bykvu.com

[:]