[:kz]
Алматы полициясы үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен әйел неге мұндай әрекетке барғанын айтты. Полиция мәліметінше, әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына тұрмыстық негіздегі жанжал себеп болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 22 қарашада түс ауа «Жетісу» ықшамауданында болған.
«Тергеудің осы кезеңінде 9-қабаттан үш баласымен секіріп кеткен әйел неге мұндай әрекетке барғаны анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынас негізінде жұбайымен жанжал болған. Ол өз-өзіне қол жұмсау туралы хат қалдырған», — делінген полиция хабарламасында
Айта кетейік, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеліп жатыр. Тергеу-жедел тобы құрылған.
Бұған дейін Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткені хабарланған болатын. Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды. Кейін куәгерлер оқиға қалай болғанын айтып берді.
[:]