[:kz]
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жараланған әскери қызметкерлермен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қорғаныс министрлігінің орталық әскери клиникалық госпиталінде жараланған әскери қызметкерлермен кездесті.
Trend басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, ол әзербайжан сарбаздарын жауынгер-құтқарушылар, ал армяндарды — басқыншылар деп атаған.
Сонымен қатар, Әзербайжан басшысы Армения халқына үндеу жолдады. «Армян халқына жүгініп, олар өздерінің басшылығының лас істерінің кепіліне айналмайтынын айтқым келеді.
Жергілікті тұрғындар қазіргі уақытта өз үкіметтерін жауапқа тартсын. Балаларын Әзербайжан жеріне жібермесін.
Армения сарбаздары Әзербайжан жерінде не істеп жүр? Біз туған жерімізде күресіп жатырмыз.
Біздің сарбаздар мен офицерлер өз жерінде қаза тапты, өз жерінде жарақат алады және біз өз жерімізді азат етеміз», — деді Ильхам Алиев. Еске сала кетейік, осыған дейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.
Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елдімекендерді атқылағанын хабарлады. Айта кетсек, Арменияның қорғаныс министрлігі түркиялық жойғыш ұшақ армян ұшағын Арменияның әуе кеңістігінде құлатқанын мәлімдеді. Дегенмен Түркия билігі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі де бұл хабарламаларды жалған екенін айтты
[:]