АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Имам «Дикий Арманға» рақмет айтты[:]

[:kz]

 

Қылмыс әлемінде «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев Инстаграм парақшасында Шымкент медресесіне және мұқтаж жандарға көрсеткен көмегі туралы видео жариялады деп жазады  Nege.kz.

. «Рамазан-челендж бастадық. Рамазан айында қайырымды іс жасаудың жақсылығын көпшілік біледі. Егер әрбіріміз ең болмаса бір мұқтаж жанға көмектессек, көпшілік разы болады. Оның үстіне берген адам алған адамнан екі есе қуанышқа бөленеді. Қайырымды істі көбірек жасайық, ол Ақырзаман күні жарық береді.

Алланың қалауымен бұл айда әр апта сайын 150 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұдан да көп адамға көмектесеміз деп ойлаймын», – деп жазды А.Жұмагелдиев.

«Шымкент медресесінің шәкірттеріне жасаған жақсылығыңыз үшін рахмет!», – дейді бір топ бала. Ал имам: «Бастаманы бастап, жатқан, «әр қазақ – жалғызым» деген Арман Жұмагелдиев бауырымызға Алла тағала разы болсын. Шетте жүрсе де қазақтың басын біріктіріп, 150 отбасына көмектесті. Алла Тағала разы болсын ол кісіге», – деді.

[:]