Имам ет бағасының қымбаттауын қысқа етекті әйелдерден көрді

[:kz]

 

Ет қашан қымбаттайды, білесіз бе? Сіз тұратын аймақта әйелдің денесі арзандай бастағанда.

Дін қызметкері Садыбақас Доолов Қырғызстандағы азық-түліктің, атап айтқанда, еттің қымбаттауын қысқа етекті әйелдердің кінәсінен деп мәлімдеді. Бұл туралы 24.kg хабарлады.

Уағыздың видеосы желіде тарап кетті.

«Әйел етінің арзандауына байланысты базарлардағы еттің бағасы шарықтап кетті» деді дін қызметкері мешіттердің бірінің жамағаттары алдында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, базарда сатылатын ет өнімдерінің бағасы әйел адамның сыртқы келбетіне тікелей байланысты.

«Ет қашан қымбаттайды, білесіз бе? Сіз тұратын аймақта әйелдің денесі арзандай бастағанда. Әйел денесін көрсете бастағанда, жамбасы ашық, қолындағы бас бармақтай болған кезде арзандайды» деді Садыбақас Доолов.

Ауыл тұрғындарының көпшілігі әйелдер қысқа көйлек киюді доғармайынша, қозы етіне қолы жетпейтініне сенімді. Садыбақас Доолов ер адамдарды «мұны тоқтатуға» шақырды. Көйлектің ұзындығы мен ет бағасының арасындағы қандай экономикалық немесе жай себеп-салдарлық байланыс бар екенін діни қызметкер түсіндірмеді.

Садыбақас Дооловтың Душанбедегі (Тәжікстан) медреседе оқығаны белгілі. Одан кейін Ош мемлекеттік университетіне оқуға түскен. Бұған дейін ол Қара-Балтадағы Ислам институтын басқарған. Бішкектің Свердлов ауданының имамы болған.

САМК сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Садыбақас Доолов 2021 жылы Ғалымдар кеңесінің мүшесі болған. 2020 жылы сол кездегі мүфти Мақсат Токтомушев оған ведомстволық марапат – «Айкөл» орденін табыс еткен.

Дереккөз: orda.kz

[:]

Тегиимам