[:kz]
«Имекен шакалдармен алысамын деп шаршаған болар», — деп жазған Димаштың тыңдармандары таңданыстарын жасырмады.
Танымал әнші Димаш Құдайберген «Бүгін Мәскеуде. Иманғали аға және Игорь аға», — деп жазып, Instagram парақшасына сурет жүктеді. Әншінің атақты кісілермен бірге түскен суретін көрген желі қолданушылары Иманғали Тасмағамбетовты танымай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желідегі белсенділердің Иманғали Тасмағамбетовты танымай қалуының себебі де жоқ емес. Мәселен ол, әскери киім киіп алған.
«Иманғали аға неге ондай болып кеткен?», «Иманғали ағаң қызыл әскер боп кеткен бе?», «Шынымен де, суретті құрт, әлі ешкім көрмей тұрғанда, ел ағасы ғой», «Иманғали көкеміз әртіс болып кеткен бе?», «Тас балдеет, пенсионер», «Димаш, Иманғали неге мұндай костюмде?», «Ортасында тұрған Иманғали Тасмағамбетов пе?», «Иманғали әкім болып, актер болып кеткен бе?! Талантты адам қай істе де талантты. Сәттілік болсын, аман жүрсін!», «Имекен шакалдармен алысамын деп шаршаған болар», — деп жазған Димаштың тыңдармандары таңданыстарын жасырмады.
Естеріңізде болса, Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарған еді. Зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылды.
[:]