[:kz]
Қазақстандық эстраданың жарқын жұлдызы Индира Расылхан бірінші күйеуі жайлы сөз қозғап, ол туралы бұрын-соңды еш жерде айтпаған мағлұматпен бөлісті. Әншінің сөзінше, оның бұрынғы жолдасы — өнерде жүрген атақты тұлға деп жазады «Қарақатпен шай» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Индира Расылхан бірінші күйеуі оның әншілік қабілетіне сенімсіздік танытып, одан әртіс шықпайтынын үнемі бетіне басып отырғанын жайып салды.
«Менің бірінші жолдасым өзі өнердегі адам. Мен ешқашан есімін де атаған емеспін. Өте атақты кісі.
Маған сенімсіздік білдірді. Студияда даусымызды жазып жатқанның өзінде маған менен әнші шықпайтынын басып айтып отыратын.
Бір жағынан қайта аяққа тұруымның да себебі сол болған шығар деп ойлаймын. «Мен өзімді дәлелдеймін, оған көрсетемін» деген сияқты нәрсе» , — деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Индира Расылханның екінші күйеуімен үзіліс алып, екі бөлек тұрып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Оған қоса, әнші алғаш рет дерті туралы айтты.
[:]