АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Instagram-да балағат сөз жазатындардың парақшалары жойылады [:]

[:kz]

 

 

Instagram әлеуметтік желісі жеке хабарламалар арқылы балағат сөздер жазып қорлайтындардың жеке парақшаларын жояды. Қатаң ережелер туралы әлеуметтік желінің блогында жарияланған, деп хабарлайды Holanews.kz.

Осы уақытқа дейін Instagram ережелерді бұзған қолданушыларға  жеке хабарламалар жіберуге уақытша тыйым салатын. Енді компания пайдаланушылардың аккаунттарын біржола жоймақ.

«Енді біреу орынсыз хабарламалар жібере берсе, біз оның жеке парақшасын жоямыз», — делінген хабарламада.

Компания әкімшілігі мұндай ережелер нәсілдік немесе діни көзқарасқа негізделген хабарламаларға қатысты екенін түсіндірді. Сондай-ақ, шектеу қойылған қолданушылар жаңа парақша да аша алмайды.

Сонымен қатар пайдаланушыға жазылмаған парақшалардан келген жеке хабарламаларды да бірден өшіру құқығы беріледі. Сонымен қатар пайдаланушыға жазылмаған парақшалардан келген жеке хабарламаларды да бірден өшіру құқығы беріледі. Бұл мүмкіндік корпоративті аккаунттар мен профильдер үшін қол жетімді.

 

[:]