[:kz]
Кешірімді болған жақсы ғой, кешіреміз. Бірақ, инстаграм əлеміндегі аузына келгендерін айтып, Төреғалидың қолтығына су бүркіп жатқандарды қайтіп кешіреміз? ! Ертең олар да көшеде немесе сондай бір ортада жөн сілтеген үлкен кісіге «Əй, шал ақылың өзіңе!» деп тұрмасына кім кепіл?!
Төреғали ақылы бар бала, ол мінезін түзер. Мына, қаптаған есірген ессіздерді кім түзейді?! Жаман қылық тез жұққыш келеді. Жастар үлкенді сыйлаудан қалып барады. Көз жеткізгіңіз келсе, инстаграмм əлеміне бір кіріп шығыңыз, кімнің кім екенін білесіз. «Əй, қойшы, ол жəй интернет қой «десеңіз қателесесіз. Ол əлемде көп, өте көөөөп жастар өмір сүріп жатыр. Мен солардан қорқамын. Сіздер ше?..
Сауле Жанпеисова
Фейсбуктегі парақшасынан
alashainasy.kz
[:]