АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ішіп кететін едім»: Қалаулым жұлдызы әкімнің арқасында күйзелістен шыққанын айтты[:]

[:kz]

 

 

Белгілі журналист әрі «Қалаулым» шоуының қатысушысы Айдос Игіліков өміріндегі қиын кезеңде өзіне кімнің қолдау көрсеткенін айтты. Отбасымен ажырасып, Алматыдан Түркістанға қоныс аударған ол басқаның емес, өзі көп танымайтын қала әкімінің демеуін сезінген. Ол әкімнің қолдауы болмағанда, күйзелістен шыға алмайтынын мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, журналист Айдос Игіліков елге танымал «Қалаулым» шоуында блогер Зарина Сапармен бас қосқан еді. Алайда, желіде танымал жандардың жұлдызы жараспай, екеуі екі жаққа кетті. «Алматыдағы ірі телеарналарда жұмыс істеп жүргенмін. Бірақ отбасымдағы жағдайды естіген соң, ата-анам мені ауылға шақырумен болды.

Әке-шешемнің сөзін жерге тастағым келмеді, мұндағы жұмысымды да қимадым. Тәуекеге бел буып, Түркістанға аттандым. Алайда, ол жақта не істейтінімді, қайда баратынымды білмедім. Өзім туып-өскен Созаққа барып мал бақсам деген ой да болды. Осылай сенделіп жүргенде, ауыр күйзеліске түстім. Шынымдай айтайын, менің билік тізгінін ұстап отырған беделді аға-көкелерім жоқ. Өзім тікелей әкімнің қабылдауына кірдім де, жұмыс сұрадым.

Ол кісі маған лайықты жұмысты тауып берді де, тезірек еңбекке араласуымды сұрады», — дейді ол.

Бүгінде Айдос Игіліков Түркістан қалалық әкімдігінде қызмет етіп жүр. Ол әкім болмаса, күйзелістен шыға алмай, ішкілікке салынып кетуі мүмкін екенін де жасырған жоқ. «Мені мүлде танымайтын адамның осыншалықты қолдау көрсеткеніне разымын. Ол кісі қазіргідей айналасына туған-туыстарын, руластарын жинауға мүлде қарсы. Осыны менің де, қоластындағы өзгелердің де санасына сіңіріп жатыр.

Егер әкім қолдау көрсетпей, айдалада жүрген мені қанатының астына алмағанда, менің қандай күйде боларымды кім білсін?! Отбасымдағы жағдайға байланысты ауыр күйзеліске түстім. Тіпті, ішіп кетер ме едім?! Мен елімізде осындай азаматтардың барына қуанамын. Қазір министрлікке шақырса да бармаймын», — дейді журналист Айдос Игіліковтің Зарина Сапаровамен ортақ бір қызы бар.

Бүгінде ол қызымен кездесіп тұратынын және көмегін аямайтынын айтады.

kaz.nur.kz

 

[:]