АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Италиядағы оппозиционер: Қосанов — ынжық! Саясаткер емес (видео)[:]

[:kz]

Италиядағы қазақ оппозиционері сайлаудан кейін Қосанов жайлы мәлімдеме жасады

Жақында ғана митинг жайлы Ринат Зайытовпен дебатқа түскен Италиядағы оппозиционер Тұрғұмбай Ержан кешегі сайлаудан кейінгі экзит-полл жайлы өз YouTube каналында мәлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Сайлаудың қорытындысы жарияланды. Тоқаев -70%, ал Қосанов болса,15% алды деп жариялады биліктегілер. Осыдан бөлек Қосанов түнде халыққа үндеу жасады. Үндеуді «президент әкімшілігі жасасын» деп мәжбүрлеген. Бұл үндеуінде Қосанов шетелде отырған оппозиция мүшелері заңды бүліктіріп, заңсыз митингке шақырып жатқанын айтты. Жастарға да, басқаларға да заңмен жұмыс жасауын сұрады. Бұл – ынжық адамның ісі. Қосанов саясаткер емес, ол – ынжық. Оның осылай болатыны жайлы басында айтқанмын. Ынжықтардан саясаткер шықпайды. Ия, халық алданды. Ештеңе етпес, бұл да бір сабақ болар, ары қарай күресті жалғастыру керек. Қосанов түнде жасаған үндеуімен өзінің бет пердесін ашты. Тек өзін емес, жанындағы топтың да бетін ашып берді. Олар – бажасы Ермұрат Бапи, әріптестері Серікжан Мәмбеталин, Расул Жұмағұл, Дос Көшім, оның сыртында Нарымбаев бар. Міне, осылар өз абыройынан айрылды. Мұны  саяси дерек деуге болады. ЖСДП, «Ақиқат» партиясы дейді. Саясатта адал адамдар жұмыс жасауы керек, қылмыскерлермен байланыссаң, аяғы осындай болады»,- деді оппозиционер.

[:]