АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Итімен қоштасқан әскер жұртты жылатты (видео)[:]

[:kz]

Қытайлық әскер өлім аузында жатқан қызмет бабындағы итпен қоштасар сәтте ағыл-тегіл болып жылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде тараған бейнежазбада Бежіңннің Е Хуайбинь есімді әскердің тізерлеп тұрып, У И есімді иттің басын құшақтап жылап жатқандығы байқалады. Ол өзін итке ветеринарлар екпе жасамай тұрып, итпен бірге қалуын сұрап өтініпті. 

Кейіннен лабрадор иттің денесін жерлегенде әскери жерлеу рәсімнің барлық шарттары орындалыпты.

8 ай бұрын екі жасар иттің аузында қатерлі ісік анықталыпты. Жарты жылдан бері әскер бауыр басып қалған итіне ем іздеп, оны ветеринарлардың біразына көрсетіпті. Төрт ота жасалған иттің жағдайы жақсармапты. Сол себепті итке оны өмір бақи ұйықтататын дәрі егу туралы шешім қабылданыпты. 

[:]