АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]»К… ді айырамын». Қуат Хамитов қарсыласына былапыт сөзбен шүйлікті[:]

[:kz]

 

Қазақстандық жекпе-жек шебері Қуат Хамитов алдағы грепплинг айқасында сайысқа түсетін қарсыласы, отандасымыз Нұрберген Шәріповке былапыт сөзбен сес көрсетті. Ол анайы сөзді әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған сайысқа асыққан Қуат Instagram-дағы парақшасын балағат сөзге толтырды.

Нұрберген Шәріпов, к…. ді айырам, бауырым,

— деп жазды ол.

instagram.com/kuat__khamitov
instagram.com/kuat__khamitov

Желі қолданушылары спортшының бұл әрекетіне қапалы. Олар бұл жерде анайы сөздің орынсыз екенін айтуда.

«Ел алдында жүрген азаматтар ауыздарың ластаныпты». «Үлгі еткен інілеріңнен ұят». «Мәдениет қайда?»,

— деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Бірақ бұған назар аударар спортшы жоқ. Ол қарсыласына бағыттаған былапыт жазбасын боқауыз сөзге толтыра түскен.

«Қара қалпақты бір жағына шығару керек, әйтпесе болмайды», — деген Нұрберген Шәріповтың жауабына Қуат тағы да анайы жазба қалдырыпты.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың келесі сайысы қашан болатынын хабарлаған едік.

[:]