АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қабылдап үйрендім»: Жазира Байырбекованың анасы Альцгеймер дертіне шалдықты[:]

[:kz]

Жазира Байырбекова анасының Альцгеймер ауруына шалдыққанын айтты. Сөзіне қарағанда, анасы айтқан сөзін бірнеше сағаттан кейін ұмытып қалады. Әнші анасын сәби сияқты қабылдап үйренгенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мен анамды кішкентай сәби сияқты қабылдап үйрендім.
Анам бізбен кездескенде қатты қуанады. Ертеңіне есінде ештеңе қалмайды.
Тіпті сол күні бір-екі сағаттан кейін ұмытып қалуы мүмкін.

Әзірге 1 минут болса да, қуана алатын жағдайы барына шүкір! Бұл да бізге беріп отырған Алланың мүмкіндігі ғой.

 

Альцгеймер диагнозымен ауырса да, аузынан тек жақсы сөз шығады. Адамдарға тілек айтып, бата беріп, бетінен құшақтап сүйе бергісі келе береді.
Жүрегі мейірімге толы адам қандай жағдайда да мейірімділігін жоғалтпайды екен ғой. 

Анашым бізді дүниеге әкеліп, бағып қағып өсіргеніңіз үшін, тоғызымызды, әкемді баптау үшін ешқайда шықпай үйде болғаныңыз үшін рахмет!
Алланың нұры жауа берсінші сізге. Ата-анаңыз альцгеймер болса, намыстанбаңыз. Қабылдап үйреніңіз», — деп жазба қалдырды ол желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, Альцгеймер — жасы ұлғайған адамдардың ұмытшақ бола бастауы. Кей адамдар қартая келе бала сияқты болып кетеді. Қариялардағы бұл құбылысты біз «алжыды» дейміз, ал медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады.

[:]