[:ru]Кадрлар өзгерісі: Мамин кетіп, Бозымбаев барды Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті: https://qamshy.kz/article/54857-kadrlar-ozgerisi-mamin-ketip-bozymbaev-bardy © qamshy.kz[:kz]Кадрлар өзгерісі: Мамин кетіп, Бозымбаев барды [:en]Кадрлар өзгерісі: Мамин кетіп, Бозымбаев барды Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті: https://qamshy.kz/article/54857-kadrlar-ozgerisi-mamin-ketip-bozymbaev-bardy © qamshy.kz[:]
[:kz]
Бүгін, 15 қаңтарда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесі төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстанның элоктрондық үкімет порталында жарияланды.
Асқар Мамин үкіметтің үкімімен директорлар кеңесінен шығарылған. Сондай-ақ президент көмекшісі Тимур Сүлейменов та директорлар кеңесінен кетті.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесіне жаңа мүше ретінде бұрынғы энергетика министрі, президент көмекшісі Қанат Бозымбаев келді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын холдинг.
Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі – Қазақстан үкіметі. Қор 2008 жылы елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылған. 2017 жылдың желтоқсанынан бері қордың бақарма төрағасы – Ахметжан Есімов. «Қамшы» сілтейді
[:]