[:kz]Қадыров: Егер біз қаласақ, Киев Ресейдің бір облысына айналады![:]

[:kz]

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленскийге ренішін білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Рамзан Кадыров Телеграм арнасында жазды.

Естеріңізде болса, Зеленский ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде президенттік қызметіндегі басты мақсаты – Қырым мен Донбассты Украина құрамына қайтару екенін баса айтқан-ды.

«Мен сіз туралы мүлде басқа пікірде болғанмын. Тәжірибелі, танымал шоуменнен кемеңгер және терең ойланатын саясаткерге айналады деп ойладым. Ал сіз мүлде басқаша әрекет еттіңіз. Жақсы көршілер олай жасамайды! Сізге ренжуге мәжбүрмін. Бірінші күннен-ақ олай еткім келмеп еді», — деп жазды Қадыров өзінің жазбасында.

Шешенстан басшысының пікірінше, Зеленский де және одан кейін келетін ізбасарлары да «Қырым сан ғасырлардан бері Ресейдің бір бөлігі болып келгенін және әрқашан солай болып қалатынын» есте сақтағандары дұрыс.

 

Осы тұста, Қадыров Зеленскийге орындалмайтын үміттерден арылу үшін тарихты оқуға кеңес берді.

«Егер Ресейге бөтен мемлекеттің жері қажет болса, Киев әлдеқашан Ресей Федерациясының батысындағы облыс орталығына айналар еді. Бірақ, Ресей ешқашан бұлай жасамайды. Біз бауырлас украин халқының мемлекеттік аумақтық тұтастығын құрметтейміз. Біз бөтен жерге қызыққан емеспіз, бірақ өз жерімізді ешкімге бермейміз!» — деді Қадыров өз жазбасында.

 

«Қамшы» сілтейді

[:]