АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қай рудың батыры мықты?

c4d79ddf5a58ec50dd32ba79262c42ebҚазақ интернет кеңістігінде – зор жаңалық! Алғашқы ұлттық браузерлік онлайн ойын жасалып, іске қосылды. «NOMADS» деген аты айтып тұрғандай ойынның өзегі қазақ халқының ата тарихы, ғибратты салт-дәстүрі мен аңызға айналған көшпенділердің тұрмыс-тіршілігіне негізделген.

Ойын барлық жастағы адамдарға арналған. Тіркелген соң өзіңізге кейіпкер таңдап аласыз. Еліңізді, руыңызды ккөрсетіп, өз шежіреңізді толтыра аласыз. Руластарыңызды жинап, өзге тайпалармен жекпе-жекке шыға аласыз.

Ең бастысы бұл ойында қып-қызыл қантөгіс, жөнсіз озбырлық болмайды. Спорттық жарысқа негізделген. Шаршы алаңындағы жекпе жекте де, шеп құрып майдандасу кезінде де ешкім өлтірілмейді. Жеңімпаз ептілікке, берген соққыларға, жиған ұпайларға қарай анықталады.

Даңқ бетінде қазақтың барлық тарихи тұлғалары туралы деректер шоғырландырылған. Оған әркім үлес қоса алады.
Өз шежіре тармағыңызды жасай отырып кімнің кім екенін білуге, яғни кез келген рулас адамның өзіңе туыстық жақындығын анықтай аласың.

Әрине, бұл ойын туралы, оның техникалық тұстары, жаңалықтары мен ерекшеліктері жайлы ұзақ жазуға болады. Бірақ жүз рет естігенше, бір реткөрген артық деп қысқа қайырғымыз келеді. Ойынның қызығын мына адрес бойынша тіркеліп өзіңіз көре аласыз – nomads.kz

«Шын-ақпарат»