[:kz]
Аса танымалдылыққа ие болған отандық әнші Қайрат Нұртас «Гакку» арнасының «Если честно» бағдарламасына сұхбат беріп, алғаш рет осыдан бес жыл бұрын орын алған келеңсіз жайт туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Болған жағдайға өзінің кінәсіз екенін мәлімдеген Қайрат барлығы жүргізушінің дөрекілігінен басталды дейді.
«Мен «Ауырмайды жүрек» әнін орындап жатқан кезім. Халық өте көптігі сонша мен адамдардың басын ғана көріп тұрдым. Кейін кішкентай баласын ұстаған ана сахнаға қарай қысылып тұр екен. Ана кісі маған «айтпай тұра тұршы» деп қиналып жатыр екен. Мен де осы жерде жанды дауыста ән салып жатқанмын, жол ортада әнді тоқтаттым. Біраздан кейін халық қатты шулай бастады. Сол кезде жүргізуші қыз халыққа «доғарыңдар, бұлай шуласаңдар ол өлең айтпайды» деп дөрекі сөйлеп қойды. Жұрт ол қыздың бұндай дөрекілігін көтере алмай қалды», – деп ағынан жарылды әнші.
Орын алған қырғын кезінде де жұрттар өзінің концертіне кешігіп жүгіріп жүргендерін тағы айтты.
«Мені күзетшілер жан-жақтан қоршап алып, Райымбек көшесіндегі көпірге алып шықты. Артыма қарасам халықтың ішінде біреуі сахнаны теуіп бастады, артынша қалғандары қостап шулады. Әлгі оқиғаға куәгер болған мен «осының бәріне кінәлі мен бе» деп таңырқап тұрғанда бір әйел адам баласымен «Біз Қайрат Нұртастың кешіне кешігіп барамыз» деп жүгіріп келеді. Сонда менмін ғой Қайрат, міне тұрмын ғой алдыңызда баласымен суретке түскен едім», – деді Қайрат.
Әншінің айтуынша сол сәтте ол тек бәрінің аман болуын тілеген. Анасымен үйге оралған Қайрат тіпті 1-2 адамның «қайтыс болып» кеткені туралы естіп қорыққан. Алайда ақпараттың жалған екенін жеткізген қоңырау жүректерін тыныштандырған екен.
Сонымен қатар, өміріндегі ең қиын сәттерді аузына алған Қайрат осы оқиғадан кейін өзінің «қара тізімге» түсіп көпшіліктің өзінен бас тартқан кезінде қол ұшын созған ағаларына алғысын білдіруді ұмытпады.
«Маған концерттер қоюға тиым салып, «қара тізімге» енгізілген болатынмын. Ешкім жоқ, ешкім хабарласпайды, біраз адамдар хабарласамыз деп артынша жоқ болып жатты. Сонда Сиви Махмудидің әкесі мен Бекболат Тілеухан ағамыз қолдау көрсеткен еді. Тағы Қырымбек Күшербаев ағамыз қолдау беріп, артынша осы жағдайдан кейінгі алғашқы концертімді Қызылорда қаласында бердім. Маған көмек көрсеткен жандарға алғысым шексіз», – деді ол.
Сол сәтте өнер жолына тосқауыл қойылды деп ойлаған әнші өзінен бұрын анасының қатты күйзеліске ұшырағанын да мәлімдеді. Бірақ тағдыр оған сый жасап, керісінше бұл оқиғадан кейін танымалдылығы артып, шығармашылық жолының жаңа беті ашылғанын айтты.
Сұрақты талқылау кезінде осы жағдайдың арқасында «хайпқа» ие болғанын айтып әзілдеген Қайрат ешкімге мұндай жағдайды бастан өткізуіне тілемейтінін жеткізді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Источник: Stan.kz
[:]