[:kz]
Қырғызстанда концерт берген Қайрат Нұртас сахнада жарымен бірге ән шырқады. Бұған дейін өз ән кештерінде әкесі, інісі және ұлдарымен өнер көрсеткен хитмен енді Жұлдызды да әртіс қылмақ көрінеді. Алайда, желі қолданушыларға отбасылық дуэт мүлде ұнамай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қайраттың Қырғызстандағы концертінен үзінді Instagram парақшаларына тарап кеткен. Бейнежазбада әншімен қоса оның әйелі де ән салып жатқаны көрініс тапты.
Фонограммамен ән шырқаған жұлдызды жұптың өнер көрсетуі көптің көңілінен шыға қоймады. Оқырмандар ел алдында билеген Жұлдыз Әбдукәрімованы сахнада өзін дұрыс ұстамағаны үшін сынап тастаған.
Теріс пікірлерге жары ғана емес, Қайрат Нұртастың өзі де ілікті. Желідегілер оны отбасының барлық мүшесін әнші етуде деп сөкті.»Әкесі, ұлдары, одан қалса інісі. Енді тек осы әйеліне ән айтқызбағаны қалып еді» , «Тым жарасымсыз. Мүлде ерсі көрінеді» , «Жұлдыздың даусы жоқ. Жаздыртып алған фонограмма ғой» ,
«Мұны да әнші қылды енді. Жұлдыз әнді өзі әрең айтады. Ең құрығанда билемей-ақ қойса болмай ма?» , «Билей алмайды түк. Жұлқынып өзін қалай ұстау керектігін білмейді сахнада»
«Жұлдыз ханым ел алдында тұрсыз. Бөксеңізбен жай қимылдатқаныңыз дұрыс болар еді» , «Қандай ерсі көрінеді», «Қайрат енді кім қалды отбасыңда ән салмаған?» , «Бала туып, соның тәрбиесімен отырудың орнына ән шырқар жүр» , — деп жазуда көпшілік.
[:]