[:kz]
Белгілі әнші Қайрат Нұртас құны 60 миллион тұратын қымбат көлігін көрсетті.
Бұл видео zhuldyzdy_news Instagram парақшасында жарияланды. Әншінің бұл қылығын желі қолданушыларының бір тобы қолдаса, келесілері қолдамай отыр.
— «Қаншама адамдар жұмыссыз қалды, қаншамасы тұрмыс тауқыметін тартып мына жаман дерттен әбден жүдеп отыр. Қанша алам өмірден өтті…
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қара халықтың көбісінің жағдайы осы. Қайрат сені осы дәрежеге жеткізген халық. Әр жағдайы бар азаматта халықтың хақысы бар. Әр нәрсенің орны барғой. Тура осындай ала сапыран заманда ештемеңді бере алмасаңда да, (беріпте жүрген шығарсың) арзан мақтауға салынба.
Өзіңнің танымалдылығыңды дұрыс қазақы руханиятқа пайдаланшы, артыңнан еліктейтін жастар бар. Үлгі бол, сауапты іс жаса. Халықтың ұлы бол. Атың тарихта қалсын. Ал арзан атақ. Қатынды көрсету. Сүйтіп қап бүйтіпті деген, шын мүлдем ақылы бар адамға қызық емес», «Біреудің дүниесі ешқашанда біреуге жұғысты болмайды. Жұғып қалатын краска емес. Мақтанғанша сауапты іс жасасын. Фонограммамен ән айтып халықты алдап жинаған ақшасына алғанда.Не керек сол мақтаншылық,бүйте берсе бір күні,сол табысы ағып кетеді . Байлық қолдың кірі,жусаң кетеді. Оданда кейбір үйі жоққа үй алып берсең,ең үлкен сауап сол. Өзің жегенше, бөле же», «Біреу тойып біреу тоңып секіреді», «Мақтанудың қажеті қанша халқым қиналып жатқанда», «Ол неге беру керек біреуге. Өздерің беріп жүрсіңдер ме? Біреудің нәрсесіне телміруді қашан қояды екен адамдар. Құтты болсын өзің мініп өзің тоздыр» — деп жазды желі қолданушылары.
[:]