АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]«Қайрат Сатыбалды үшін дұға жасайық!» — Талғат Рысқұлбек[:]

[:kz]

Ант етемін! Бұл жазбам Бекболат Тілеухан немесе басқа да біреулердің заказы емес деп хабарлайды Sn.kz порталы

«Аллаһ разылығы үшін, бүгін бәріміз Таһажуд намазына тұрып, Қайрат Сатыбалдыға Дұға жасайық!

Қайрат Сатыбалдыны уақытша тергеу изоляторына қамаған сәттен бастап, әшейінде офисінен шықпайтын бизнесмендері бар, имамы бар, иваны бар, намазханы бар, бейнамазы бар, әртісі мен әншісі бар, жазушы/журналисті бар, бәрі-бәрі тым-тырақай жоқ болғаны түсінікті жағдай дейік. Яғни «пендешілік-есть пендешілік» дейік-ақ…

Бірақ әлеуметтік желіде солардың бірі неге іздеп, не болмаса осындай-осындай жақсылығын көріп едік. Жаңа бастап, тұрып қалған үйімді бітіруге, жоқ жерден мешіт салуға, баламның оқуына т.б. толып жатқан көмектескен адамгершілігін неге айтпайды деймін де…

Тіпті, Мемлекеттік деңгейде ғана емес, Ұлттық спортты әлемдік деңгейге дейін көтергенінің өзі не тұрады.

R.S. (Аллаһпен Ант етемін! бұл жазбам Бекболат Тілеухан немесе басқа да біреулердің заказы емес, #өзімнің_Мұсылмандық әрі адамгершілік міндетім)

Мен, оларға қарағанда, Назарбаевтардан ештеңе алған емеспін де, билікте отырғандарында ешқашан қарсы да келген емеспін. Керісінше Ел тыныштығы үшін, қашанда барынша бәле іздегендерге басу айтып, түсінбегендерге қату айтып, жәй кезде болса, ылғи да Дұғада болғанмын. Өйткені бауырым Қайрат Рысқұлбеков құрбан болған бұл Тәуелсіздік, мен үшін миллиардтаған теңгелерден де қымбат деп санаймын.

Тем более бастарына іс түскенде, кейбіреулер сияқты «құлағында құрбақа болмаймын». Аллаһтың қалауымен Қайрат та, Самат та, осы сынақтан өтіп күндердің күнінде Президент боп келсе, көрер ем қалай сайрағандарыңды.

Қазір атқа мініп, «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» — деп соңдарынан шам алып түскендерің түптін-түбі, Тоқаев кетсе де артынан бір уыс топырақ шашарсыңдар. Оған дейін, Қайрат Сатыбалды көмектескен мыңдаған кедей-кепшіктің Дұғасынан аман қалсаңдар әрине. Өйткені, Қайрат Сатыбалды мысалы жүз миллион доллары болса, басқа өткенде Тоқаев жинаған 150 миллионрлерге қарағанда Құдайдың бұйырған зекеті ретінде, кедей-кепшікке соның 2,5% яғни жылда 2.5 млн $ таратады. Бұл деген, 150 бизнесменді де зекет беруге үндесе, 375 млн $ деген сөз. Бір баспана 37.5 мың $ тұрғанда, жылына 10 мың адам баспаналы болады деген сөз. Міне саған қарапайым ғана Аллаһтың Ислам Дінінің кереметі!
Қайрат Сатыбалдыны коорупциямен қамадыңдар ма, анау 150 миллионер бизнесменнің 140 қа жуығын, және госслужащий боп жүріп «форбсте» жүрген жүздеген шенеуікті де қамаңдар.
Өйткені қайсысы хотя бы бір тіс шұқитын цех ашып байыпты дейсің…

Қазіргі Тоқаевтің қасындағы «данышпандар», анау құлқындарың аман болса, 2-3 жылда жария, жасырын, «Форбс» журналындағы тізімге сендер де ілігіп қаларсыңдар.

Тастаңдар, эголарыңды немесе, шайтан түрткен нәпсілеріңді! Түбі, бұл дүниеде де, Ахіретте де бәрің, бәріне жауап бересіңдер. Тіпті, бір сабақ жіптеріңе дейін. Ал, Қайрат Сатыбалдының намаз оқығанына бола тиісіп жатсаңдар, онда вообще біттім дей беріңдер.

Өйткені Дінге қайта-қайта тиіскендеріңді, балаларыңмен жазалаймын..!, — деген Аллаһтың уәдесі бар.

Желтоқсан көтерілісінде бауырым Қайратқа ату жазасын бергенде, бүкіл қазақ бес жарым жыл бойы Рысқұлбектер әулетінен (жақын 3 жанұя туыстарымыздан басқасы), сырт айналған еді.
Бес жарым жыл қоғамнан изолированный өмір сүрдік. Ешкімге жылап-сықтап мұңымызды шаққан да жоқпыз. Сабыр еттік. Қайраттың сотынан кейін зоотехник болып істеп жүрген Әкемді де, мал басы кем деген сылтаумен, 3.5 жылға соттап жіберді. Мені оқудан шығарды. Сөйтіп 87 жылы майда әскерге кеттім. Ағамды жұмыстан шығарды. Ақыр әкем, іштей жеген уайым әсер еткен болу керек, 53 жасында қайтыс болды.

Айта берсек, қазіргі шөпкетышарлар мен небір «шыбық тимей шыңқ етерлерге» қарағанда, біз, бүкіл Рысқұлбековтар, әулетімізбен үлкен сабырлық таныттық. Аллаһтың қалауымен әлі де танытып келеміз.

Менің таңғалатыным, осында отырғандардың кейбіреуі сол Мемлекеттен қызмет, тендр, неше түрлі заказ-жоба да т.б. нешетүрлі поддержка алып отырады да, кейбіреуі, тіпті Елбасы төңірегімен жақын араласқан да. Мысалы, Динаның байын айтпағанда, Серік абас шах сияқтылар Дариғаның қай жағынан қалай кіріп, қалай шыққанын өзі білер…, сөйте тұра азуларын айға білеп, жүйені, соларды, жатып кеп жамандап, ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығып сыбайтындарын қайтерсің…

Әлде, жүйенің өзі, сол өздері нанын жегендерден тұратынын білмей ме екен…
Керісінше, мен жүйеден соқыр тиын алып көрген емеспін. Бірақ, кез-келген басшы ол Назарбаев бола ма, Тоқаев бола ма, Асанов немесе Үсенов бола ма, бағынамын!
Әрі, Ин ша Аллаһ осы Елге, Ел тыныштығы үшін тегін қызмет те етемін. Ал, қандай да бір көтеріліс арқылы келген басшы болса, мейлі ол менің туған бауырым болса да, еш қолдамаймын!

Сайлау арқылы келген, немесе тағайындалған кез келген басшыны қолдаймын. Мейлі ол қалай отырса да. Құдайдың алдында, әркім өздері, міндетті түрде қылдай нәрсеге болсын, жауап береді.

Так ышто, бір-біріңнің артынан шам алып түспей, ырың-жырыңды тастап, қайта ауызбіршілікте болуды ойлаңдар.

Бұл дүние уақытша ғана. Ахірет Хайырлы!

Талғат Рысқұлбектің facebook парақшасынан

 

 
Sn.kz порталы

[:]