[:kz]
Қайрат Сатыбалды жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы колонияда өтейтін болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйек күні Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айырған болатын.
«Үкім жарияланғаннан кейін 15 күн ішінде сотталушы немесе оның қорғаушылары сот шешіміне шағымданбаса, ол Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясына ауыстырылады. Бұл мекеме арнаулы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған. ОВ-156/20 қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесі. Сотталған адам апелляциялық шағым түсірсе, оны қарау мерзіміне дейін тергеу изоляторында қалады», — делінген хабарламада.
[:]