АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайрат Түнтеков алғаш рет әке атанды[:]

[:kz]

 

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Түнтеков алғаш рет әке атанды. «SuperStarKZ» жобасы арқылы халыққа танылған әншінің жары оған қыз бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қуанышты жаңалықпен өнер иесінің өнердегі әріптесі Бағлан Жолдасов бөліскен.

Ол өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында қалың көпшіліктен сүйінші сұрап, Қайрат Түнтековтың әке атанғанын жария салған.

«Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Қазан айының 27-не қараған түні, яғни бүгін 1 ғасырда бір туатын, шын талант — Қайрат Түнтеков досым әке атанды. Қызды болды. Кайрони, кішкентайыңның бауы берік болсын! Иманды, ақылды, білімді, тәрбиелі, талантты қыз болып өсуін Аллаһ нәсіп етсін! Артынан ере берсін! Қуаныштымын» , — деп жазды Бағлан Жолдасов.

Желі қолданушылары жас әкені бірден құттықтап, оның кішкентайына ұзақ ғұмыр тілеп жатты. Оған қоса, қалың көпшілік қызды болған әртістің қашан үйленіп алғанын біле алмай, әлек болды.  «Құтты болсын. Үлкен азаматша болып өссін» , «Қашан үйленіп үлгерген. Карантинде үйленып алдыңыз ба?» , «Қалай қызды болды? Үйленгенін естімедік қой» , «Қайрат үндемей жүріп, елді таңғалдырдың ғой. Бауы берік болсын кішкентайдың» , «Жасы ұзақ, денсаулығы мықты азаматша болғай» , «Қашан үйленіп алған? Пысықсыз Қайрат» , «Жарыңызды бір көрсетпедіңіз. Ол бақыт қашан бұйырады екен» , «Артынан бауырлары ере берсін. Отбасыңыз үлкен болсын», — деп жазуда желідегілер.

kaz.nur.kz

[:]