[:kz]
Айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева танымал әншілерді оңдырмай сынайтын халыққа ренішін білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
— Бәріміз біреудің махаббатына мұқтажбыз! «Шешем жаксы көрмейді, әкем тастап кетті, күйеуім басқа әйелге барып жүр, балам әйелін менен артык көреді» деген хаттар күн сайын жүздеп келеді… Адамдардың махаббатына ие болу үшін жанталасып, бізді жек көріп қалмаса екен деп қорқамыз да жүреміз…
Мен 30 жыл қазақтың сахнасында ыстық махаббатқа бөленген адаммын.. «Халық мені жақсы көреді» деген сенімділік осыдан бірнеше жыл бұрын тас-талқан болды! Бір тв-дағы бағдарламаға қатысып отырып @kair_n -ге тиістім емес пе?!
Мені жаксы көретін халкым мені сол кезде тірідей жеп қоя жаздады.. Тіпті «Қайратқа тиіскенше өлгенің артық» деген қарғыс та естідім… Қайбір жылы өнердегі апамыз Бибігүл Төлегенова да менің күйімді кешті…
Тіпті немересіндей балалар боқтап жатқанын да оқыдық… Халықтың махаббаты керемет қой шынында… Бірақ… Былтыр халықтың сүйіктісі болған сол Қайрат карантинде бір тойға барып қойған екен… Төбесіне көтеріп отырған халық Қайрекеңді бетпен құлатты… «Сен кімсің талтаңдайтын?!»… «Халықтың арқасында адам болдың, жексұрын, сол бақты көтере алмадың» деп қайтадан қарғап-сіледік… Қазақтың аяулы қызы @rozarymbaeva -ны бір көруді армандамаған қазақ жоқ шығар! Аңыз адам!
Шіркін-ай, қалай жақсы көрдік… Бірақ, өткен аптада апамызды Иманбекке тиісіп қойғаны үшін 40 жылдық өнерін жоққа шығара салдық қой… Айтқым келгені не? Ешқашан, адамның махаббатына сенбеу! Тіпті туған анамыздың өзі «5» алсақ жаксы көріп, «2» алсақ шапалақпен салып жібереді ғой…
«Іштен шыққан шұбар жылан» деп баласынан бас тартатын аналар да жетерлік… Кешегі сүйіп қосылған күйеуің бүгін басқа біреуге гүл беріп жүретіні де рас..! Біз ешқашан Алла мені сүйе ме екен?! — деген сұраққа бас ауыртпаймыз, байқайсыздар ма?! Егер Алланың сүйіктісі болуға ұмтылсақ Алла адамдардың махаббатына бізді көміп тастайды екен…
Адамның махаббатына мәңгілік бөленем деу далбаса тірлік! Ол мүмкін емес, Адам тұрақсыз! Өлім ғана тұрақты! Сезім бүгін бар, ертен жок! Бәрі уақытша! Бақ та, тақ та, атақ та, байлық та, бақыт та.. Алла қаласа береді, қаламаса алып қоя салады… Лайым, бір-бірімізді Алла разылығы үшін жақсы көрейік! Мен сіздерді Алла разылығы үшін жақсы көремін.. Құрбан мейрам құтты болсын!.. — деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
[:]