АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Қайыржан ТӨРЕЖАН. ЖАСТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТАТЫН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ БАЙҚАУ[:]

[:ru]

bez-nazvaniya-4«Ендігі ұрпақ — Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы — Мәңгілік Ел!»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауынан.

 

Алматыда қалалық әкімшілігінің ұйымдастыруымен Білім басқармасына қарасты № 3 Оқушылар үйі сәрсенбі күні Қазақстан Републикасы Орталық Мемлекеттік  музейінің базасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін атап өту  қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «МӘҢГІЛІК ЕЛ» интеллектуалдық ойын-байқауы өтті. Бостандық ауданы мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен «Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының мүшелері қатысты. 

    Интеллектуалдық байқауды ұйымдастырудағы мақсат – өсіп келе жатқан жас ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік пен азаматтылыққа, парасаттылыққа, жоғары деңгейдегі ар-ождан қабілетіне тәрбиелеу; мемелекеттік тілге деген құрмет және әртүрлі халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуге баулу; Қазақстан тарихын оқу барысында танымдық белсенділігі мен жалпы интеллектуалдық мәдениетін дамыту болып табылады.

Интеллектуалдық байқаудың «Мәңгілік ел» деп аталуы бекер емес. Осындай байқаулар арқылы оқушылар ұлтымыздың, еліміздің тарихын тереңірек білетін болады. Мәңгілік ел болуымыз үшін өткенімізді, тарихымызды жастардың бойына сіңіріп, ұлттық рухымызды көтеретіндей тәрбие беруіміз керек. Еліміздің тарихы мен ата-бабаларымыздың өткен өмірін, ерлік оқиғаларды, мемлекеттің қалыптасу кезеңдерін, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрін оқып, білген жасөспірімдердің өз отанына деген мақтанышы қалыптасады. Тарих осынысымен құнды, тарих – ең басты және қажетті қасиетті кітап. Отансүйгіштік пен азаматтылық, өз отанына деген мақтаныш балалар мен жасөспірімдерді қазақстан халқының өткен тарихы мен ерлік жайттарын, қазақ мемлекетінің қалыптасуын; қазақ халқы мен Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін оқып үйрену барысында қалыптасады.  

         №3 Оқушылар үйінің ұйымдастырған Бостандық ауданы мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен «Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының мүшелеріне арналған  интеллектуалдық ойын-байқау музейдің Палеонтология, археология, тарихи этнография және «Қазақстан Ұлы Отан Соғысы жылдарында»  және «Қазіргі Қазақстан» атты залдарында өткізілді. Интелектуалдық байқауға 6 команда, аудандық «Алматым – алтын бесігім» ойын-квестінің жеңімпаздары қатысты. Әрбір команда құрамында 15 адам – 9 немесе 10-сынып оқушылары болды.

         Интелектуалдық ойындар екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең музей залдарында өткізілді. Байқау барысында рйынға қатыушалыр музей залдарының аумағындағы Қазақстанның ерте заман мен қазіргі кезеңге дейінгі тарихы мен мәдениетіне байланысты тиісті ақпараттарды анықтап, берілген сұрақтар бойынша жауаптарды осы мұрағаттардан іздеп тапты. Екінші кезеңде, командалар Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты білім сайысына түсті. Олар белгілі уақыттар мен оқиғалар, еліміздің саяси және мемелекет қайраткерлері, мәдениет пен өнер иелері, Алматы қаласының есеркерткіштері, Қазақстанның географиясын және т.б. білімдерді қамтыған  байқауға қатысты.

         Байқаудың әділқазылар құрамында музейдің белді ғылыми қызметкерлері, Бостандық ауданы білім бөлімі мен №3 Оқушылар үйінің өкілдері болды. «Мәңгілік ел» интеллектуалдық ойын-байқауының жеңімпаз командалары мен мектеп педагогтары аудан білім бөлімінің Мақтау қағазымен марапатталды.  

Алтынорда

 

 

[:]