АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қалаулымдық» Замира: Жігітімнің анасы мені келін ретінде қабылдағысы келмеді[:]

[:kz]

«Қалаулым» бағдарламасында өзінің жағымсыз қылықтарымен танылған Замира жұртты екіқабатпын деп алдап келген. Бұл туралы Ernur.kz сайтына берген сұхбатында өзі айтты деп хабарлайды Stan.kz.

Қазіргі уақытта азаматтық некеде тұратынын жасырмаған Замира бұл шешім жігіті екеуінің ортақ шешімі екенін айтты.
«Мен жұрт ойлағандай күнә жасап жүрген жоқпын. Егерде азаматтық некеде тұрмасам, сыртта басқа еркекпен төсектес болып жүрер едім. Жігітті ауыстырып, басқалар ұқсап әркіммен төсектес болып, былғанып жүрген жоқпын. Мен басқа адамдарға қарағанда «тазамын» деп айта аламын. Өйткені, мен бір-ақ адаммен жатамын»,- деген Замира алдағы уақытта заңды неке қидыру ойында  бар екенін айтты. 
Көпшілік алдында төсек қатынасы жайлы айтуға ұялмайтын Замира осылай ашық айту керектігін және көп қыздарға ақыл-кеңес айтып көмегі тигендігін айта кетті. 
«Үрімдей қыздарды ер баласы бар үйге тастамасын деп, мейлі, туысы болсын. Ең құрығанда бір қыздың өміріне көмектессем жақсы емес пе? Ел шулайтындай мен денемді ашып, төсекте жатқанымды көрсетіп жатқан жоқпын ғой»,- деп түсіндірді. 

Бір айта кетерлігі, «Қалаулымға» соңғы барған эфирінде қазіргі жігітінен екіқабат екенін айтқан еді. Бірақ бұл жалған болып шықты. Бұндай қадамға жігітінің анасын көндіру мақсатында барған. 
«Қазіргі жігітімнің анасы мені келіні ретінде қабылдағысы келмейді. Мен сияқты келінді қаламады. Содан мен жүктілікті ойдан құрап алдым. Соны естігеннен кейін біраз қарсылығын қойды. Жүктімін деп айтып жүргеніме төрт айдан асып кетті. Ішім шығатын уақыт болды. Енемді алдап кетуге тура келді. Біраз уақыт бұрын «Қалаулымға» барғанда да біраз өтірік екіқабат болып отыруыма тура келді»,- деп жұртшылыққа өз айтқан өтірігін өзі ашты. 

Сөзінің соңында бұндай қадамға махаббат үшін барғанын, енесін алдау ойында жоқ болғанын айтты. 

Stan.kz.

[:]