АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қалаулымдық жігіттің тойына шақырылмаған қонақтар келіп, достары орынсыз қалған (видео)[:]

[:kz]

Күні кеше үйлену тойын дүркіретіп өткізген «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы тойханаға өздері танымайтын адамдардың жиналғанын айтып, шамданды. Әлеуметтік желіде танымал жігіттің сөзінше, бейтаныс біреулердің кесірінен олардың достары мен жақындары өздеріне тиесілі орындардан қағылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

 

Әлеуметтік желідегі парақшасында қалаулымдық Камиланың жұбайы түсірген бейнежазба пайда болды.

Кадрда жас жігіт үйлену тойларына екі жақ мүлде танымайтын, ешқашан көрмеген жандардың келіп, қонақ болғанын айтады.

Оның сөзінше, сол себепті жас жұбайлардың ет-жақындары орынсыз қалып, той барысында түрегеп тұрған.

«Менің келіп, орын таппай қалған достарым болды. Мүлде танымайтын адамдардың кесірінен Алматыдан келген, шақырылған достарым өз орындарына отыра алмады», — деді ер азамат.

Осылайша ыңғайсыз жағдайға тап болғанын айтқан жігітке желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатты. Олардың басым бөлігі болған жағдайға жеке өмірін жарияға жар салғанды ұнататын жұптың өзін кінәлі деп танып отыр.

«Өздерің кінәлісіңдер. Тойдың қайда және қашан болатынын бәріне айтып не керек еді?», «Камиланың өзі ғой тойыма бәріңізді шақырамын деген. Несі бар еді айтып?», «Қонақтар сыймай қалса, резервтегі столдарды қолдануға болатын еді», «Той жайлы айтып, мақтана берудің қажеті шамалы еді», — деп жазды олар.

 
  

[:]