АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қалаулымның ақиқаты ашылды…[:]

[:kz]

Көптің назарын үш сағат бойы көлкітіп, бағдарламар бойынша ең үздік рейтингті жібермей жүрген, көрермен назарының ең сүйікті бағдарламасы атанған — Қалаулымның жалған, арнайы сценариймен құрылғандығы туралы, жоба қатысушысы жайып салды. Оның сөзі қаншалықты рас? Отандық жұлдыздар мен ел ағаларының сынының астында қалған бұл жоба, осы бір жайттан кейін өз жұмысын тоқтата ма, әлде жабулы қазан, жабулы күйінде қала ма?
Жастарды өз махаббаттарымен жолықтыру мақсатында құрылған «Қалаулым сен» бағдарламасы, биыл өз жұмысын үшінші жыл атқарып келеді.

Нәтижелері жоқ емес, бар. Алайда махаббаттан гөрі ұрысы мен керісі, тіпті төбелесі басым бағдарламаға отандық жұлдыздардың қарсы шығуы, аталмыш жоба, ұлттық телевизиялық құндылықтарға нұқсан келтіріп, тікелей эфирде халық санасына теріс тәрбие беріп, боқауыз сөздердің айтылуынан деп білдік

. Ел назарындағы танымал жайдарманшы Нұрболхан Шарапов бұған дейін, жалған сценариймен құрылған бағдарламаға қарсы шығып, ақыр соңында өз шындығын дәлелдеп, түптің түбіне келгенде жеңіске жеткен еді. Ендігі, инстаграм желісіне үздіксіз жазбалар салып, «қалаулым жабылсын» деп атойлаған Нұрболханның осы жолғы жалған деп таныған «Қалаулым сен» және «Qalaulym Live» жобаларымен күресі, немен аяқталарын алдағы уақытта білерміз.
Дегенмен, «Қалаулым сен» жобасының бүгінгі тікелей эфирінде талқыға салынған мәселе арасында, жоба қатысушысы Айдын Байбөрі, бағдарламаның бар шындығын жайып салды

. Оның сөздерін жоба редакциясы жартылай кесіп, естіртпей тастағанымен, қатысушының сөзінен аңғарғанымыз бойынша, бағдарлама арнайы сценариймен жазылып, қатысушыларға белгілі бір рөлдер мен қыздарға қысқа киімдер беріліп, сонымен қатар жобадағы ұрыс керістер халық назарын арттыру мақсатында ойластырылады екен.

Одан бөлек қатысушы өз сөзінде, жобаға келген қатысушылардың осы аталған істері үшін арнайы келісімшартқа қол қойып, аталған келісімшартты бұзған жағдайда 5 миллион теңге айыппұл төлейтіндерін баяндады.

Дей тұрғанмен, әр кім өз шындығын қорыған заманда Шахкерім Кәрмен, қатысушы тарапынан айтылған сөздерді жоққа шығарып, ешқандай сыр білдірмеді.

Тіпті, қатысушылардың Айдын Байбөріге қарсы айтылған пікірлер саны да аз болды. Яғни, айтылған сөздерді өтірік деп теріске шығарған жандар жоқ.
Не десек те, жоба бірлестігі халықты алдаудың, түбінде жақсылыққа апармайтындығын білері сөзсіз. Дей тұрғанмен, ұлт тәрбиесіне кесірін тигізіп, кесапатты сөздері мен халық наразылығын туғызған бағдарламардың, махаббатарымен қауыштырамыз деп шымылдық ашып жүргенде, осы бір орын алған жағдай, олардың өз шымылдықтарын ашқандығы анық.

Дина Литпин

alashainasy.kz

 

[:]