АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Кәмелеттік жасқа толмаған қызының зорланғанын айтқан әке қылмыстық істің қозғалмай отырғанына алаңдаулы [:]

[:kz]

Ақтөбеде кәмелеттік жасқа толмаған 15 жастағы қызының зорланғанын айтқан әке болған оқиғаға қатысты қылмыстық істің қозғалмай отырғанына алаңдаулы. Оның қолында іске қатысты полицияның 15 жастағы қызы мен оның желіде танысқан жігітті беттестіру кезінде жасалынған жауап алу хаттамасы бар. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.«Менің қызым кәмелеттік жасқа толмаған. Тергеу кезінде көп нәрсеге көз жұмып қаралды. Хаттамада жігіт өз аузымен қызымды үйіне апарғанын, төсек қатынасының болғанын айтып тұр. Бұдан артық қандай дәлел керек? Ол жігіт әкесінің машинасын айдап келіп, қызымды үйімнен алдап шығарған.

Оның жүргізуші куәлігі жоқ, полиция оны да ескермеді. Кәмелеттік жасқа толмаған қызым психологиялық күйзеліске түсіп кетті», — дейді қыздың әкесі.

Әкесінің қолындағы хаттамада кәмелеттік жасқа толып кеткен жігіт пен 15 жастағы қыздың «ВК» желісі арқылы танысқаны жазылған. Онда олардың әлеуметтік желі арқылы бір жылға жуық уақыт сөйлескені айтылады. Жігіт алғашында қызды саябаққа кездесуге шақырып, кейін үйінен алып шыққан.

«Мені сүйсең, бірге жүресің» деп үйіне ертіп апарады. Сол жерде қыздың еркінен тыс онымен жыныстық қатынасқа барған.

«Жағдай тіпті ушығып кетті. Полиция қызметкерлері тергеу жүргізген кезде менің үлкен қызыма да қысым көрсетіп отыр. Кіші қызым жауап алу кезінде сол күні апасының іш киімін байқамай ауыстырып киіп алғанын айтқан. Кейін полиция қызметкерлері үлкен қызымды куәгер ретінде шақырып, қолындағы телефонын «тексереміз» деп ешқандай құжатсыз тартып алған.

 

Олар онымен қоймай, зорлықтың құрбаны болған екінші қызымның оқу орнына келіп, апасының телефонын алып қалуды талап етіп айқай шығарған. Сол кезде қорқып кеткен қызым талып қалып, дәрігер шақырыпты. Бұл не деген масқара?», — дейді әкесі.

 

Қылмыстық іске шара қолдануды талап еткен ата-ана жемқорлыққа қатысты ұлттық бюроға да шағым әзірлеген. 

 Alashainasy.kz 

 

[:]