[:kz]
Мексикалық боксшы Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО) орта салмақта WBA тұжырымы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы белбеуінен бас тартты, деп хабарлайды Sports.kz порталы Boxingnews24.com-ға сілтеме жасап.
WBA тұжырымы бойынша бұрынғы «тұрақты» чемпион Рокки Филдингті (27-2, 15 КО) жеңу «Канелоға» үш салмақ санатында әлем чемпионы атанған мексикалықтар қатарына кіру үшін қажет болды. Мақсатына жеткен соң белбеуден бас тартты.
Айта кетейік, «Канело» 2016 жылы орта салмақтағы WBC белбеуін Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) беруге мәжбүр болған еді. Алайда, былтыр күздегі жеңістен соң оны өзіне қайтарды
sn.kz
[:]