АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Канело Головкинмен жекпе-жек өткізуден не үшін бас тартқанын айтты[:]

[:kz]

Орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үшініші рет жекпе-жек өткізбейтінін тағы айтты деп жазады Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

«Мен Головкинмен үшінші кездесуден бас тартамын, себебі ол маған ештеңе ұсына алмайды. Мен оны екі рет соққының астына алдым. Біріншісінде де, екіншісінде де жеңдім деп ойлаймын. Ол маған ештеңе ұсына алмайды, мен үшін үшінші кездесудің не қажеті бар. Ол IBF тұжырымы бойынша чемпион атанған күннің өзінде ол маған қызық емес», — деді Канело.

Головкин мен Канело бұған дейін екі жекпе-жек өткізген еді. Оның біріншісі тең аяқталса, екіншісі төрешілердің шешімімен мексикалықтың пайдасын шешілген болатын.

Естеріңізге салсақ, Головкин-Деревянченко жекпе-жегі келесі сенбі, 6-қазанда, Нью-Йорктегі Мэдисон-сквер-гарден аренасында өтеді. Олар IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласады.

 
  

[:]