АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Қаңтар оқиғасы: Тоқаев 20 мың террорист туралы сұраққа жауап берді[:]

[:kz]

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына 20 мың лаңкестің қатысқаны туралы бұрын жарияланған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«20 мың деген сан туралы айтсақ, бұл көрсеткішті құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары айтқан, бұл бүкіл елге қатысты. 13 қалада бір мезгілде қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында билікке қарсы бандиттік шабуылдар жасалғанын білесіздер. Қазір 5,5 мың қылмыскер тіркеліп, іс қозғалды, 500 қылмыстық іс сотқа жіберілді», — деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бар болғаны 23 адамның нақты түрде тартылғанына назар аударды.

«Бұл біздің осы қайғылы істі өте мұқият зерттеп жатқанымызды көрсетеді. Жоғарыда айтқанымдай, елімізде қайғылы қаңтар оқиғасы қайталанбайтынына сенімдіміз. Ал, оның кепілі, айтпақшы, бүгінгі референдум. Біз сабақ алдық», — деп қосты президент.

[:]