АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Канвассинг шарасы аясында Петропавл ауылы тұрғындарымен үміткерлер кездесу өткізді[:]

[:kz]

2021 жылдың 05 қаңтар күні Қарғалы аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Жанна Мустафина мен Дмитрий Черненко Қарғалы ауданының Петропавловка ауылы тұрғындарының үйлеріне барып, канвассинг өткізді. Канвассинг барысында оларға үгіт материалдарын таратып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

 Сонымен қатар партияның мүшелерінің мақсаттары мен міндеттері туралы түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, отбасының кәмелетке толған мүшелерін 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

 

Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет көрсетіп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалып, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін еңбек еткеніне куәміз. Партияның «Біз біргеміз», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы»  жобаларымен жақсы таныспыз. Ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатынына сенім білдіреміз, – деді сайлаушылар.

Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыным — тілектер тыңдалып, сайлау науқанына қатысуға және «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

 

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыс  Қарғалы

ауданының  сайлау қоры қаражаты есебінен  төленді.

 

[:]