АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қарағанды облысында 7 айда 17 млн. тоннадан астам көмір өндірілді

шахтыБұл туралы облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің Шахтерлер күні қарсаңында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстандық» шахтасын аралаған сапарында айтылды.шахтыБұл туралы облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің Шахтерлер күні қарсаңында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстандық» шахтасын аралаған сапарында айтылды.

Бауыржан Әбдішев Шахтерлар күні қарсаңында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстандық» шахтасын аралап, лаваға түсті.

Аймақ басшысы аталған кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысып, жоспардың орындалысы туралы ақпарттарға қанықты. Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, 7 айдың қорытындысы бойынша, «Қазақстандық» шахтасында көмір өндіру, тау-кен жұмыстарын жүргізу, кенді аршу секілді көрсеткіштер артығымен орындалған. Кеншілердің орташа айлық жалақысы өскен.

Бауыржан Түйтеұлы маусымда пайдалануға берілген 312 Д6 лавасына түсіп, жаңа жоғары өнімді механикаландырылған «Глиник» кешенін қарап шықты. Бұл лавадағы көмір қоры 1 млн. тоннадан асады, жыл соңына қарай ол жаңа техникалардың арқасында шахтадағы барлық көмірді өндіруді қамтамасыз етпекші.

Өңір басшысы: «Көмір саласы әрқашан Қазақстан экономикасының басты саласы болған. Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көмір саласына көп көңіл бөлетінін айтқым келеді. Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың арқасында компания иелері көп қаражатты өндірісті жаңартуға, жетілдіруге жұмсайды. Бірақ еңбек қауіпсіздігі, сіздердің әрқайсыларыңыздың қауіпсіздіктеріңіз одан да жоғары. Себебі бәріңізді де отбасыларыңыз, туыстарыңыз бен жақындарыңыз күтіп отыр», — деді.

Қ.Жұмағалиұлы

Қарағанды