АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қарағанды облысында қантты ірі көлемде жеткізуші 5 компанияға қатысты тергеу басталды

[:kz]

20160719025352Қарағанды облысында өңірдегі қант тапшылығына байланысты антимонополиялық тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жапсарбай мәлім етті.

«Қарағанды облысы нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты біздің департамент ірі қант жеткізушілерге қатысты тергеуді бастады. Бұл мәселені, расында, маңызды деп санаймыз. Және бұл қант бағасының шетелде көтерілуімен байланысты емес. Біз бұл тапшылық қолдан жасалған деп есептейміз. Бұлай деу үшін, әрине, айғақ керек. Сол үшін ірі қант жеткізушілеріне қатысты тергеуді бастадық», — дейді А. Жапсарбай «ҚазАқпарат» тілшісіне.

Ол, сондай-ақ, тергеу жүргізілетін компаниялардың атын атады: «Адал-Аслан» ЖШС, «Самади-1», «Ер Ай 2012», «Dias KZ» және «Green Foods». 

Департамент басшысы тергеу барысында бұлардың қатары көбеюі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Айта кетейік, Қарағанды облысында бірер күн ішінде 1 келі қанттың бағасы 340-350 теңгеге шығып кеткен еді. Ал көптеген дүкендердің сөресінде қант тұратын орын қаңырап бос тұр. Аймақта қант тапшылығы орын алуда. 

http://www.inform.kz/kaz/article/2926692

 

 

[:]