АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарағанды облысында жоғалып кеткен қыз бала қаңыраған үйде ер адамның қасынан табылды [:]

[:kz]

Қарағанды облысы Қаражал қаласында 26 сәуір кешке кішкентай қыз бала жоғалып кеткен еді. Оны іздеу жұмысына көптеген тұрғын атсалысқан.

Нәтижесінде қыз бала қаңыраған үйден 55 жастағы ер адамның қасынан табылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қыз баланың жоғалғаны туралы хабарлама жергілікті полиция бөліміне сағат 22.26-да түскен. Полиция қызметкерлерінен қыз баланың анасы көмек сұраған. Осыдан кейін оны іздеуге тәртіп сақшылары, төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен еріктілер жұмылдырылған. Жедел іздестіру шараларынан кейін қыз бала қаңыраған үйден табылған.

Оның жанында 55 жастағы ер адам болған. Ол балаға зиянын тигізді ме, жоқ па, ол жағы айтылмады. 

Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», — дейді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

kaz.nur.kz

 

[:]