АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарағанды облысында жұмысшылар мен шетелдіктер төбелесіп қалды[:]

[:kz]

Әлеуметтік желілерде жұмысшылар тобының жиналған сәтін бейнелейтін видео таралды. Ролик авторы Жайрем ауылының тұрғындары мен шетелдік жұмысшылардың арасында қақтығыс орын алғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Қазақстандық жұмысшылар мен шетелдіктер арасындағы төбелес 12 тамызда орын алған. Жанжалдың себебі әлі белгісіз.

Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жайрем тау-кен байыту комбинатының жұмысшылары арасында жанжал туындаған.

Соның салдарынан бірнеше шетелдік қызметкердің жарақат алғаны белгілі болды.

Оқиға орнына облыс әкімі Ерлан Қошанов келіп, жағдай ретке келтірілген.

Әкімдік басқа мәлімет жариялаған жоқ.

 
  

[:]