[:kz]
Қарағанды облысының Шахан ауылында карантин шаралары күшейтілді. Елдімекенде орналасқан қарттар үйінен кесел ошағы анықталған. Мекемеде 70 қария мен 29 қызметкер коронавирус жұқтырған деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қарттар үйінде 91 тұрғын бар. Соның 70-нен COVID-19 инфекциясы анықталған. Оған қоса, 26 қызметкер де коронавирус жұқтырған. Қазір науқастардың барлығы ауруханаға жатқызылған.
Телеарна ақпарынша, СЭС мамандары «Мекемедегі қариялардың 90 пайызына кесел жұққанша, ауру ошағы неге анықталмаған?» деген сұраққа жауап бере алмаған. Эпидемиологтар кесел жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандардың санын әлі анықтамаған. Соның салдарынан карантин күшейтіліп, сенбіден бастап шағын Шахандағы мектеп пен балабақшаның барлығы жабылмақ. Сауда орындары демалыста жұмыс істемейді, жексенбіде ауылға қоғамдық көлік те қатынамайды.
Дереккөз: КТК
[:]